8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай елордалық теміржол вокзалдарының перрондары мен пойыздарда жүзден астам әйел жолаушыларға гүлдер мен сыйлықтар табысталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан темір жолының" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әйелдер қауымына саксофон әуені мерекелік көңіл-күй сыйлып, ал пойыздың ішінде дауыс ұлғайтқыш арқылы тілектер айтылды.
Сыйлық алған әйелдер қауымы ықылас лебіздерін айтып, жолсеріктерге алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, бұл күні еліміз бойынша 8 Наурыз мерекесіне арнайы безендірілген пойыздар жолға шықты.
Жыл сайын "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарында орта есеппен 13 млн астам жолаушы қатынайды, олардың жартысы - әйел.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз