- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда 8 жаңа...
Қазақстанда 8 жаңа кәсіби мереке пайда болады
Қазақстанда 8 жаңа кәсіби мереке пайда болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8 жаңа кәсіби мерекені бекітуді жоспарлап отыр. Ведомство басшысы бұйрығының тиісті жобасы дайындалып, "Ашық НҚА" порталында орналастырылды.
Атап айтқанда, кәсіби мерекелердің тізбесін мына айтулы күндермен толықтыру көзделеді:
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні - 7 сәуір;
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні - 16 сәуір;
- Метрология қызметкерлерінің күні - 20 мамыр;
- Ветеринариялық қызметкер күні - 10 шілде;
- Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні - қыркүйектің бірінші сенбісі;
- Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру қызметкерлері күні - 1 қазан;
- Стандарттау қызметкерлерінің күні - 14 қазан;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні - 18 қараша.
Жаңа кәсіби мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарға тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастама жасады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Кәсіби мерекелер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" бұйрығының жобасымен мына сілтеме (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15008211) бойынша танысуға болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек