• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қазақстанда 740 мектепке директор жетіспейді

Қазақстанда 740 мектепке директор жетіспейді
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Еліміздегі 740 мектепке директор жетіспейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қай өңірлерде жағдай күрделі?

Мәліметке сүйенсек, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарында жағдай күрделі. Одан бөлек, "Мақсатты мектептер" жобасы аясында биология, информатика, ағылшын және қазақ тілдері бойынша пән мұғалімдерінің әлсіз тұсы анықталыпты. Министр болашақ мұғалімдерді дайындайтын оқу ордаларының білім беру бағдарламаларын қайта қарауды ұсынды.

Министрдің пікірі

"7 653 түлектің ішінде 45 пайызы ғана 50 пайыздық шекті деңгейден өте алды. Бұл пәндік білімдегі елеулі олқылықтарды көрсетеді. "Өрлеуге" педагогикалық жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, біліктілікті арттыру курстарының бағдарламаларын түбегейлі қайта қарауды тапсырамын", - деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget