- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда 7 тіл...
Қазақстанда 7 тіл білетін министр кім?
Бүгінде Қазақстанда 19 министр бар. Ranking.kz зерттеушілері қазақстандық министрлердің тіл меңгеру бойынша рейтингін жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл тіл меңгеру жағынан бірінші орында - ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. Ол жеті тіл біледі - қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, итальян тілі, түрік тілі, жапон тілі және латын.
Екінші орында сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров. Олар бес тілден меңгерген.
Үштікке ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова кірді. Олар төрт тілден біледі.
Айта кетейік, Ranking.kz жүргізген зерттеуде Тамара Дүйсенова меңгерген төрт тілдің ішіне қазақ тілі кірмейтіні айтылады. Мемлекеттік тілді төтенше жағдай министрі Юрий Ильин білмейтін болып шықты.
Ағылшын тілін 19 министрдің 12-сі меңгерген. Жалпы, Қазақстанда тіл меңгеру деңгейі төмен. Қазақстан тіл меңгеру деңгейі бойынша 112 елдің ішінде 96-орында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина