Қазақстанда 7 градусқа дейін күн суытады

Синоптиктер 24-26 тамыз күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Метеорологтар мәліметі бойынша, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, найзағай ойнап, жел соғып, жаңбыр жауады. Кей жерлерде бұршақ жаууы да мүмкін. Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасы біртіндеп төмендейді.

"Әсіресе республиканың солтүстік өңірлерінде ауа температурасы түнгі уақытта 7-12, күндіз 17-22 градусқа дейін төмендейді. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді және ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжанады", - делінген хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!