Қазақстанда “7-20-25“ бағдарламасы аясында 1 трлн теңге қарыз берілді

Қазақстанда “7-20-25“ бағдарламасы аясында 1 трлн теңге қарыз берілді
Фото: Коллаж: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов, depositphotos.com

Елімізде "7-20-25" бағдарламасын іске асыру аясында 1,066 трлн теңгеге 77 132 қарыз берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ең көп несие Астанада берілген. Банк статистикасына сүйенсек, елордада 28 079 446,8 млрд теңге қарыз берілген.

Алматыда 251,2 млрд теңгеге 15 950 несие берілген.

Алдыңғы үштікке Шымкент те кірген. Онда 5719 адам баспана алу үшін ақша алған, қарыз сомасы 72,8 млрд теңге.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина