Қазақстанда 654 мың теңге жалақы алатын қай сала қызметкерлері?

Қазақстанда 654 мың теңге жалақы алатын қай сала қызметкерлері?

Мемлекеттік басқару және қорғаныс, сондай-ақ міндетті әлеуметтік қамсыздандыру секторы қызметкерлерінің орташа айлық атаулы жалақысы биыл екінші тоқсанда 249 мың теңгеге жетті. Бұл былтырмен салыстырғанда 22,6 пайызға көп, - деп хабарлайды Ranking.kz.

Сектордағы ең жоғары жалақы міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында болған - 654 мың теңге. Қоғамға қызмет көрсету саласында жалақы - 246,6 мың теңге, жалпы сипаттағы мемлекеттік басқару және әлеуметтік-экономикалық басқару саласында жалақы - 249,3 мың теңге болды.

Бұл салаларда аймақ бойынша астаналық қызметкерлердің жалақысы - 393,3 мың теңге, бұл былтырмен салыстырғанда 9,3 пайызға көп. Үштікте Қызылорда облысы (283,9 мың теңге) және Алматы бар (265,5 мың теңге). 

Ең аз жалақы Ақмола облысында тіркелді: (209,1 мың теңге, былтырмен салыстырғанда 28,4 пайызға көп). ШҚО-дағы қызметкерлердің жалақысы да аз болып шықты - (212,7 мың теңге). 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина