Қазақстанда 6 мың сайт, 9 мың банк картасы бұғатталды

Қазақстанда 6 мың сайт, 9 мың банк картасы бұғатталды
Фото: depositphotos.com

Ішкі істер министрлігі бірінші жартыжылдықтағы есірткі қылмысына қарсы жұмысты қорытындылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мамырда ведомство шетелдік әріптестерімен бірлесіп, Украина аумағында ірі есірткі call орталығының қызметін жойды, нәтижесінде 11 күдікті ұсталды. Олар Қазақстан азаматтарын есірткі схемаларына тартумен және оларды заңсыз қызметке жұмылдырумен айналысқан.

7 тоннадан аса есірткі, соның ішінде жарты мың келіден аса синтетикалық есірткі тәркіленді. Соның нәтижесінде ондаған мың доза есірткі тұтынушыларға жетпей, мыңдаған адамның өмірі сақталып қалды.

15 есірткі зертханасының қызметі жойылып, алты ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды. Оның ішінде біреуі трансұлттық сипатта.

"Кибернадзор" жүйесі арқылы заңсыз контенті бар 6 мың сайт бұғатталды. "Антифрод орталық" арқылы қаржыландыру жүргізілген 9 мың банк картасы бұғатталып, жалпы сомасы 135 миллион теңге көлеміндегі қаражатқа шектеу қойылды", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget