Қазақстанда 6 мың адам жүргізуші куәлігінен айырылса да көлік айдап жүрген

Қазақстанда 6 мың адам жүргізуші куәлігінен айырылса да көлік айдап жүрген
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанда полиция тәртіпке бағынбайтын жүргізушілермен арнайы бағдарлама арқылы күресіп жатыр. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгінде елімізде жолдарда жол қозғалысы ережесін бұзуды тіркейтін 22 мың бейнебақылау камерасы орнатылды. Олардың көмегімен барлық заңбұзушылықтың 50 пайызы тіркеледі.

"Біз қасақана жол ережесін бұзатындармен жұмыс істеп жатырмыз. Ол үшін "Қорғау" бағдарламасын қолданамыз. Мысалы, бағдарлама жалған нөмірлері бар, сақтандырусыз, іздеуде жүрген немесе жол қозғалысы ережесін бұзатын және айыппұлды төлемейтін көліктерді автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.

Бұрын барлық көлікті тоқтатып, құжаттарды тексеру қажет болатын, ал қазір жүйе көшедегі бейнебақылау камеларының деректерін талдай отырып, жақын маңдағы полицейдің планшетіне "қауіпті" жүргізушінің жақын жерде жіргені туралы хабарлама жібереді. Осылайша, полиция әрекет етеді", - деді Ақтоты Боранова ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Аға инспектор бағдарлама өз нәтижесін бергенін айтты.

"Бағдарламаның көмегімен жалған нөмірлерді пайдаланудың 1,5 мыңға жуық фактісі, жүргізуші куәлігінен айырылған 6 мың жүргізуші анықталды, 8,5 мың мемлекеттік нөмір тәркіленді. Айыппұл тұрағына 29 мың автокөлік қамауға алынды", - деді ІІМ өкілі.

Ақтоты Боранова бейнебақылау камералары өңірлерде де орнатылатынын жеткізді.

"Өңірлерге автомат камералардың, оның ішінде "Қорғау" жүйесіне қосылған камералардың желісін кеңейту ұсынылады. Бұл көлік жүргізу мәдениетін арттыруға және жол ережесін бұзғандарға жауапқа тартурға мүмкіндік береді", - деді аға инспектор.

Аяз Есен

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz