Қазақстанда коронавирустан жазылып шыққандар саны 53-ке жетті. Алматы қаласында коронавирус жұқтырған тағы 2 науқас сауығып, ауруханадан шықты.
"Бүгін сағат 13:30 дейін елімізде жалпы 53 адам үйлеріне шықты, оның ішінде: Нұр-Сұлтанда – 28, Алматы қаласында – 23, СҚО – 1, Ақтөбе облысы – 1 пациент", - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Баспасөз қызметінің хабарламасында.