Қазақстанда 53 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қостанай облысының прокуратурасы Жер заңнамасының сақталуын талдау барысында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын анықтады.
Мысалы, Қостанай қаласында кәсіпорынға конкурстық рәсімнен өтпей, кадастрлық құны 254 миллион теңгеден асатын 15 гектар жер учаскесі негізсіз берілген.
Қадағалау актісі бойынша жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.
Жітіқара ауданында қадағалау актісіне сәйкес жалпы ауданы 1 мың гектардан асатын, кадастрлық құны 39 миллион теңгеден асатын, 3 жылдан астам пайдаланылмай келген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылды.
Жалпы, 2024 жылдың өткен кезеңінде прокурорлық ден қою шараларымен жалпы құны 1,2 миллиард теңгеден асатын 53 мың гектар жер телімі мемлекетке қайтарылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!