• 521.83
  • 490.7
  • 5.23

Қазақстанда 50 жастан асқан ерлер тегін скринингтен өтеді

Қазақстанда 50 жастан асқан ерлер тегін скринингтен өтеді
Фото: depositphotos.com

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Мәжілісте өткен Үкімет сағатында биылдан бастап скринингтің жаңа 2 түрі енгізілетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2026 жылдан бастап сақтандыру жүйесіне жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1 млн-нан астам азаматты тартуға мүмкіндік беретін Заң жобасы әзірленді. Бұл азаматтардың қалта шығындарын едәуір төмендетуге және олардың қаржылық қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Екіншіден, бірыңғай пакеттерді қалыптастыру. Оның негізгі мақсаты - қызметтердің қайталануын болдырмау, азаматтардың әлеуметтік мәртебесін есепке алу және сақтандыру мәртебесіне қарамастан базалық көмектің қолжетімділігіне кепілдік беру. 2026 жылдан бастап негізгі міндеттемелерді тегін медициналық көмектің көлемі пакетінен сақтандыру жүйесіне ауыстырып, кезең кезеңімен біріктіру қажет", - деді ведомство басшысы.

Тегін медициналық көмектің көлемі пакетінде әлеуметтік маңызы бар ауруларға күдік жағдайлардағы көмек 2-ден 8-ге дейін ұлғайтылып, сақтандыру мәртебесіне қарамастан ақысыз көрсетіледі. Одан бөлек, осы жылдан бастап сақтандырылмаған азаматтар онкоскринингтен тегін өтуге мүмкіндігі бар.

"Биылдан бастап скринингтің жаңа 2 түрі енгізілді: жүктілікке дайындық және 50 жастан асқан ерлерде инсульт пен инфарктың алдын алу мақсатында", - деді министр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Бақдаулет