- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда 5 қазаннан...
Қазақстанда 5 қазаннан бастап карантин қалай күшейтіледі?
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда жаңа карантин шараларын енгізді.
"Сырттан келетін инфекцияның алдын алу мақсатында Қазақстанда ведомствоаралық комиссия 2020 жылдың 5 қазанынан бастап келесі шешімдерді қабылдады. Басқа елдермен әуе қатынасын қайта ашпау. Әуе қатынасы қалпына келген елдермен рейстер санын көбейтпеу. Түркияға рейстер санын қысқарту.
Екінші санаттағы елдерден келетін адамдар үшін термометрия, сауалнама, мерзімі үш тәуліктен аспайтын коронавирусқа тексерілді деген анықтаманың болуы сияқты міндетті талаптар белгіленсін. Анықтама болмаған жағдайда келгендер COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін стационарда екі тәулікке дейін оқшауланады", - деп хабарлады министр ОКҚ онлайн-брифингінде.