Қазгидромет 16, 17, 18 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттар өтуіне байланысты елдің батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 16-17 шілдеде кейбір жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жауып, жел екпіні күшеюі мүмкін.
Жауын-шашын әсерінен батыста аптап ыстық біртіндеп бәсеңдейді. Күндіз ауа температурасы +22...+35 градус болады. Солтүстікте ауа температурасы +21...+36 градусқа дейін төмендейді. Ал республиканың орталығы мен шығысында аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +41 градусқа дейін жетеді.
Сонымен қатар, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыстың кейбір аудандарына Орта Азия өңірлерінен ығысатын ауа массалары ықпал етеді. Бұл өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Тек оңтүстік-шығыстың таулы жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +41...+46 градусқа дейін көтеріліп, нормадан жоғары болады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз