Елімізде вакцинаның қос компонентін алған азаматтардың саны 4 млн 200 мың адамға жетті. Бұл жайлы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
"2021 жылғы 6 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 5 634 981 адам вакцина салдырды, II компонентпен 4 231 104 адам", - делінген министрліктің Telegram-хабарламасында.
Вакцина салудырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы қатарда – 756 мың адам 1 компоненті, 585 мың адам 2 компононетті салдырған. Ал одан кейінгі орында Түркістан облысы – 610 мың адам екпенің 1 компонентін егілсе, 443 адам 2 компонентті алған.