Қазақстанда 42 градус ыстық күтіледі

Қазгидромет Қазақстанның 17 өңірінде дауылдық ескерту жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана қаласында 04 шілдеде кей уақыттарда найзағай күтіледі.

04-06 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының оңтүстігінде 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі.

04-06 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 43 градус өте қатты ыстық күтіледі.

04 шілде күндіз Батыс Қазақстан облысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Орал қаласында 04 шілде күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

04 шілде Атырау облысында солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, шығысында жоғарғы өрт қауіпі сақталады. Атырау қаласында 04 шілде күндіз 37-39 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.

04-06 шілдеде күндіз Атырау облысының оңтүстігінде 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі.

04 шілде күндіз Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күндіз 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Павлодар қаласында 04 шілде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

04 шілдеде Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Семей қаласында 04 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

04 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Өскемен қаласында 04 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

04 шілдеде күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл. Найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүтіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қаласында 04 шілдеде найзағай күтіледі.

04 шілдеде түнде Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қаласында 04 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

04 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі.

04 шілдеде Ақмола облысының шығыс жартысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

04 шілдеде Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. қ. Түркістан: 04 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с

04 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 34-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

04 шілдеде күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Қостанай қ.: 04 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.

04 шілдеде Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі.

04 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Күндіз 04 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарында, тәулік бойы 05 шілдеде облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда найзағай күтіледі. 04-05 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, 04 шілдеде облыстың таулы аудандарында, 05 шілдеде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

04 шілдеде күндіз Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Ыстықтың адамдарға әсері: несімен қауіпті және одан қалай қорғанамыз?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!