Қазақстанда 400 мыңға жуық адам екі жерде жұмыс істейді

Қазақстанда 400 мыңға жуық адам екі жерде жұмыс істейді

2022 жылдың аяғында Қазақстандағы жұмысбасты халық саны 8,9 миллион болды. Ал оның ішінде ерлер саны әйелдерге қарағанда шамамен 380 мыңға жоғары, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Экономикалық зерттеулер инстиутына сілтеме жасап. 

"Халықтың басым көпшілігі жалғыз және негізгі жұмыс орнында қызмет етеді (еск - 94,2 пайыз немесе 8 447 690 адам), дегенмен 378 305 адам, яғни 4,2 пайыз адам қосымша жұмыспен және жеке кәсіппен айналысады. Бір қызығы, жеке ауласын қосымша табыс көзіне айналдырғандар, негізінен, ауыл халқы арасында көп, ал олардың жалпы пайыздық көрсеткіші - 9,6 пайыз", - деді институт сарапшысы Жанерке Рахман.

Салыстырмалы түрде халықтың аз бөлігі, яғни жалпы жұмысбастылардың 1,6 пайызы немесе 145 544 адам қосымша жұмыс істейді. Бұл тенденция әйелдерге қарағанда ерлерге тән: 44,4 пайыз және 55,6 пайыз. Ал қала және ауыл халқы арасындағы пайыздық қатынасты қарастырсақ, қалада тек негізгі жұмыспен айналысатын адам саны жоғары: 98,3 пайыз және 87,5 пайыз.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Ордабаев