Қазақстанда 3670 онлайн казино бұғатталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, биыл елімізде 5 букмекерлік кеңсенің лицензиясы тоқтатылып, 3670 интернет-казино бұғатталған. Бұған олардың қарыздары, заңсыз тіркеу, міндетті резервтік талаптарды орындамауы және басқа да заңбұзушылықтар негіз болған.
Ал былтыр 4 ойын автоматы залына қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізілген. Нәтижесінде 1 зал жабылып лицензиясынан айырылды, үшеуінің қызметі тоқтатылды және 6 әкімшілік айыппұл салынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!