Қазақстанда 35 градусқа дейін аптап болады

Қазақстанда 35 градусқа дейін аптап болады
Фото: elements.envato.com

"Қазгидромет" синоптиктері 16-18 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Массагет".

Ақпарат бойынша, алдағы үш тәулікте айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Жекелеген аудандарда күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, 16 маусымда ел шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.

"Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінің тұрғындарын, нағыз жазғы ауа райы қуантады: күндізгі ауа температурасы біртіндеп 25-30 жылуға дейін, ал Қарағанды облысының оңтүстігінде 35 жылуға дейін көтеріледі", - делінген хабарламада. 

G. Dosymshalova