Синоптиктер 7-9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес алдағы күндері республиканың көп бөлігінде найзағай ойнап, жел соғады, жаңбыр жауады. 8-9 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9 қыркүйекте елдің солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Қазақстанның оңтүстік-шығысында таулы аудандарда түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжанады.
"Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз ауа температурасы біртіндеп 18-25 градусқа дейін көтеріледі, ал Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында 13-23 градусқа дейін төмендейді, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында негізгі ауа температурасы 22-30 градус деңгейінде болады", - делінген хабарламада
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!