Қазақстанда -27°С-қа дейін суық, қар мен жаңбыр жауады деп күтіледі

Синоптиктер 11, 12 және 13 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, республика бойынша қарама-қарсы ауа райы күтіледі: шығыста - жауын-шашын (жаңбыр, қар), ал солтүстікте температура төмендейді.

"Еліміздің солтүстік-шығысы мен шығысындағы ауа райын циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдері қалыптастырады, қар мен бұрқасын сақталады, республика аумағының қалған бөлігінің ауа райын жоғары қысым алқабы анықтайды, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 13 қаңтарда Солтүстік циклонның кезекті жырасы батыс аймақтарға жылжиды, сол себептен жауын-шашын ылғалды қар мен жаңбыр түрінде, сондай-ақ көктайғақ құбылыстары болжанады. ҚР бойынша жел күшейіп, тұман түседі деп күтіледі", - делінген Қазгидромет хабарламасында.

Қазақстанның солтүстігінде түнгі сағаттарда ауа температурасы 8-18 градус аязға дейін, шығысында термометр бағандары 10-27 градус аязға жетеді, ал ҚР қалған аумағында температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

Еске салайық, бұған дейін биыл қыста ауа райы қандай болатынын жазған болатынбыз.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз