Қазақстанда 272 адам ұсталды: ІІМ мән-жайды айтты

Қазақстанда 272 адам ұсталды. ІІМ өкілдері егжей-тегжейін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

4-7 тамыз аралығында ақпараттық технологияларды пайдаланып жасалатын ұрлықтың алдын алуға және анықтауға бағытталған "Контрафакт" іс-шарасы өткізілген.

"Интернет алаяқтықтарды ашуға, контрафакт өнімдерді тәркілеуге, ақпаратқа заңсыз қол жеткізуді (ҚК 205-бабы), авторлық және сабақтас құқықтарды бұзуды (ҚК 198-бабы), порнографияны таратуды (ҚК 311-бабы), арнайы техникалық құралдарды заңсыз сатуды (ҚК 399-бабы), ІТ технологияларды пайдалана отырып жасалған ұрлықтарды және басқа да қылмыстарды болдырмауға ерекше назар аударылды", - деді ІІМ өкілдері.

Бұл қылмыстарды жасағаны үшін 272 адам ұсталған, оның ішінде 70-і екі және одан да көп қылмыс жасаған.

Интернет желісін тексеру барысында заңсыз ақпарат таратылатын 205 шетелдік интернет ресурс анықталған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!