Қазақстанда 25 жылдың ішінде менингококк инфекциясымен сырқаттану 1,7 есеге азайды

Қазақстанда 25 жылдың ішінде менингококк инфекциясымен сырқаттану 1,7 есеге азайды
Фото: bh.lv

Қазақстанда тиімді жүргізілген алдын алу шараларының арқасында, соңғы 25 жылда менингококк инфекциясымен сырқаттану көрсеткіші 1991 жылғы 100 мың тұрғынға шаққанда 743 жағдайдан 2015 жылғы 424 жағдайға дейін 1,75 есеге азайды, - деп хабарлайды "massaget.kz" порталы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Менингококк инфекциясы – клиникалық белгілері аурудың жеңіл түрі назофарингиттен бастап, менингит және сепсис түріндегі ауыр формаларында кездесетін жіті жұқпалы ауру. Менингококк инфекциясы көп жағдайда өлімге әкелуімен, қоршаған ортаға қарқынды әрі жылдам түрде таралуымен, ауыр асқынуларымен аса қауіпті.

Инфекцияны сырқаттанған адам мен менигококк тасымалдаушы таратады. Ауа тамшылары арқылы жұғады. Инкубациялық кезең 2 күннен 20 күнге дейін созылады, көбінесе 2-4 күн.

Сырқаттанудың 3 негізгі түрі бар: жіті назофарингит; менингококкті менингит, менингококцемия - менингококкті сепсис.

Жіті назофарингитпен сырқаттанған жағдайда дене қызуының 1-3 күнде жоғары көтерілуі, бастың ауыруы, жұтқыншақтың шырышты қыбығының қабынуы мен ісінуі, тамақтың жыбырлауы мен ауыруы, мұрынның бітеліп қалуы байқалады.

Менингитпен сырқаттану өте қатты басталады: жоғарғы дене қызуы, бастың қатты ауыруы, тамақтануға қатысы жоқ лоқсу.

Менингококцемиямен сырқаттану кезінде дене қызуы кенеттен көтеріледі, жұлдызша түріндегі дұрыс емес формадағы геморрагиялық бөртпелер, бөртпенің ірі элементтерінің ортасында некроздар пайда болып, тері мен шырышты қабатқа ірі қан құйылуы мүмкін. Тиісті емдік шаралар қолданбаған жағдайда менингококцемиямен сырқаттанған адамдар жұқпалы-уытты шоктан аурудың 1-2 күндері өлім жағдайы болады.

Менингококкті менингитпен және менингококцемиямен сырқаттанған адамдар,сонымен бірге, аталған ауруларға күдік пайда болғанда, арнаулы бөлімдерге шұғыл түрде жатқызылуы керек.

Менингококкті инфекциямен көбінесе (кездесетін жағдайдың 80%-ы) 14 жасқа дейінгі балалар сырқаттанады. Әрбір 10-12 жылда аурудың өсімі байқалады. Бұл ұжымдық иммунитеттің төмендеуі мен қоздырғыштың ауысуына байланысты болады.

Тиімді емдеудің негізі – ауруды ерте кезеңде диагностикалау. Менингококкті инфекцияның алдын алу үшін эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ статусына қарамастан, аталған ауруға эндемиялы елдерге баруды жоспарлаған адамдарға вакцина егеді.

T. Кіршібаев