• 502.15
  • 490.7
  • 5.71

Қазақстанда 230 мың адам қатерлі ісікке шалдыққан

Қазақстанда 230 мың адам қатерлі ісікке шалдыққан
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда онкологиядан жыл сайын 10 мыңнан аса адам қайтыс болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар" телеарнасына сілтеме жасап.

Мамандар адамдарға жасына қарай дәрігерге қаралып тұруға кеңес береді. Жатыр мойнының обырына 30 жастан бастап әр төрт жыл сайын тексерілген жөн. Сүт безі бойынша 40 жастан асқандар әр екі жыл сайын маммографиялық зерттеуден өтуге құқылы. Жиі кездесетін ауру қатарында тоқ ішектің қатерлі ісігі де бар. Бұл дертке 50 жастан асқандар әр екі жыл сайын қаралып отыруы қажет.

"Ауырғанда келетін болса - өте кеш деген сөз. Қатерлі ісік ауырмайды. Ауырмай тұрып ерте табу керек. Сол кезде емделіп кетуге мүмкіншілігі жоғары. Скринингтің мақсаты - науқастарды 1-2-ші сатысында табу ғой. Ерте анықтау. Ерте тапқанда оның емі де өте тиімді болады", - дейді көпсалалы медицина орталығы директорының орынбасары Бақтыбай Оразбеков. 

"Жылына 100 мың адамның ішінен 200 адам жаңадан есепке алынып отырады. Бірінші, екінші сатымен келгендердің көбі жазылып кетуі мүмкін. Нәтижелері жоғары. Сондықтан науқастар дер кезінде қаралып отыруы керек", - дейді торакальды онкология орталығының дәрігер онкологы Бауыржан Иманбеков.

Онкологияның түрі әлдеқайда көп. Өкпенің қатерлі ісігі бірінші орында тұр. Одан кейін асқазанның қатерлі ісігі тұр.

Қазақстанда жыл сайын шамамен 30 мың адамға операция жасалады. Ал 40 мың адамда жаман ару анықталады. Қазір жалпы онкологиялық есепте тұрғандар саны 230 мыңнан асыпты. Өкінішке қарай, жыл сайын бұл дерттен 12 мың адам көз жұмады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова