Ауа райының қолайсыздығына байланысты 23 қаңтарда Қазақстанның кейбір өңірлерінде оқушылар қашықтан оқиды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана
Ауа райының нашарлауына байланысты 23 қаңтарда бірінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына көшеді.
Шығыс Қазақстан облысы
Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды. 23 қаңтарда Өскеменде көктайғақ, жел секундына 20 метрге дейін жетеді деп күтіліп отыр. Облыс орталығында 0-ден 11-сыныпқа дейінгі бірінші және екінші ауысым оқушылары қашықтан оқытуға көшеді.
Солтүстік Қазақстан облысы
23 қаңтарда Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасының - 28 градусқа дейін төмендеуіне байланысты 1 ауысым (0-9 сыныптар) оқушыларына арналған сабақтарды Петропавлда және облыстың барлық аудандарында қашықтан оқыту режиміне көшіру туралы шешім қабылданды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова