Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қаншаға өсетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкіметтегі брифингте вице-премьер 2026 жылғы бюджетте зейнетақы мен жәрдемақыны 10 пайыз өсіру қарастырылғанын айтты.
"Мәселен, 2025 жылы өсім 8,5 пайыз болды. 2026 жылғы бюджетте тек зейнетақы мен жәрдемақыны арттыруға 636 млрд теңге қарастырдық", – деді Жұманғарин.
Ол индексация азаматтарды қолдауға бағытталған кеңірек бағдарламаның бір бөлігі екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Жұманғарин Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және Үкіметтің экономикалық тұрақтылық пен халықты қолдауға бағытталған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын еске салды. Оның айтуынша, бұл бағдарлама тек зейнетақы мен жәрдемақыны индексациялаумен шектелмей, шағын және орта бизнесті қолдауды да қамтиды.
Еске салайық, бұған дейін 2025 жылғы 1 қарашадағы дерек бойынша орташа жиынтық зейнетақы 142 744 теңге болғаны айтылған: оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 95 167 теңге, базалық зейнетақы – 47 577 теңге.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz