Қазақстанда 2026 жылы қай жолдар жөнделеді?

Қазақстанда 2026 жылы қай жолдар жөнделеді?
Фото: depositphotos.com

2026 жылы Қазақстанда 11 мың шақырымнан аа автожол салу және жөндеу жоспарланып отыр. Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров нақты учаскелерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалиақпаровтың айтуынша, 2026 жылға арналған басым жобалардың қатарында ірі автожол бағыттарын салу мен қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыру бар. Атап айтқанда, Ұлытау облысы аумағында ұзындығы 208 шақырым болатын Қызылорда – Жезқазған автожолында жұмыстар жалғасады.

Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 896 шақырым болатын "Орталық – Батыс" жобасын іске асыру, сондай-ақ, Ақтөбе – Ұлғайсын (232 шақырым) және Қарағанды – Жезқазған (572 шақырым) бағыттары бойынша жобаларды жүзеге асыру жоспарланған және өзге де жобалар қарастырылған.

"Барлық қажет технико-экономикалық негіздеме алынған, қаржы қаражаты қарастырылған, жұмыстар штат режимде жүргізіліп жатыр", - деді вице-министр.

Сарыағаш, Қызылорда, Петропавл және Рудный қалаларын айналып өтетін айналма жол жобаларын жүзеге асыру көзделген.

Көлік министрлігі туристік және шекара маңы бағыттарын дамытуды жалғастыруға уәде берді. Олардың ішінде Рахман қайнарларына апаратын жол, сондай-ақ, Петропавл – Ресей Федерациясының шекарасы учаскесі бар.

2026 жылы күрделі және орташа жөндеу келесі бағыттарда жоспарланған:

  • Жезқазған – Петропавл;
  • Атырау – Орал;
  • Жаңаөзен – Кендірлі;
  • Мұқыр – Құлсары;
  • Макинск – Ақсу – Торғай және басқа да учаскелер.

Жергілікті жол желісі бойынша Ақтау – Форт-Шевченко, Түркістан – Шәуілдір, Чапай – Сайқын жобаларын іске асыру қарастырылған. Сонымен қатар, Семей қаласында автогужевой көпірдің құрылысы жалғасады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget