- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда 2021 жылы...
Қазақстанда 2021 жылы айлық есептік көрсеткіш қанша теңге болады?
Фото:
nur.kz
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақсанда АЕК мөлшері артты, сәйкесінше зейнетақы, жәрдемақы мен түрлі төлемдер мөлшері де өсті. Биыл АЕК 2917 теңге болады. Былтыр 1 қаңтар-1 сәуір аралығында АЕК мөлшері 2651 теңге, 1 сәуірден бері 2778 теңге болған еді.
АЕК-тің өсуіне байланысты зейнетақы 7%, мүгедектерге, асыраушысынан айрылғандарға, көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 5% артады. Бірақ ең төменгі жалақы мөлшері өзгеріссіз қалады – 42 500 теңге.
Ал ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 302 теңге болып бекітілді. Былтыр ол 32 668 теңгеге болған еді.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 18 524 теңгеге дейін өсті. Ал ең төменгі зейнетақы мөлшері 40 441 теңгеден 43 272 теңгеге дейін артты.