Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол мүгедек балалары бар отбасылар тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың басым санаттарына кіргенін хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бауыржан Қабдол жаңа құжатта тұрғын үй мәселелерін шешуге аса мұқтаж азаматтардың осал 4 санаты нақты айқындалғанын хабарлады. Олардың ішінде:
Азаматтардың тұрғын үй мәселелері "Отбасы банкі" арқылы жеңілдетілген несие беру арқылы шешілетін болады. Азаматтардың кірісі мен есепке қою күніне байланысты Үкімет жергілікті атқарушы орган салған несиелік баспана сатып алуға арналған 2 пайыз және 5 пайыз жеңілдік қарастырылған ипотека қарыздарын беруді көздейді: бастапқы жарнасы - 10 пайыз, кредиттеу мерзімі 20 жылға дейін.
2 пайыз ипотека көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ, 1 және 2 топтағы мүгедек адамдарға, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, сондай-ақ, жетім балаларға тиесілі. Әкімдікте кезекте тұрған басқа да азаматтарға жылдық 5 пайыз мөлшерлемемен тұрғын үй қарызы қолжетімді.
Бұдан басқа, биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша халықтың неғұрлым осал топтарының мәселелерін жедел шешу мақсатында жеке тұрғын үй қорынан баспананы жалға алу үшін тұрғын үй төлемдері енгізілді.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеңілдетілген несиелеу бағдарламаларының шарттары тұжырымдамалық түрде өзгертілді. Біріншіден, мұндай бағдарлама шеңберінде әкімдіктер салған әлеуметтік кредиттік баспана ғана сатып алуға болады. Екіншіден, қарыздың жоғары сомасы бойынша шектеулер алынып тасталды. Ол тұрғын үйдің нақты ауданы бойынша анықталатын болады. Бұл ретте, әлеуметтік тұрғын үй сапасын арттыру үшін бір шаршы метрді 160-240 мың теңге диапазонынан 170-290 мың теңгеге дейін құрылысты қаржыландыруды іске асырудың баға параметрлері қайта қаралды", - деді Қабдолов.
Спикердің айтуынша, кірісті растауға қатысты шекті сома бойынша шектеулер алынып тасталды. Алайда жеңілдетілген қарыз алу үшін үміткер төлем қабілеттілігін растауға міндетті.
"Төртіншіден, банктің тәжірибесі негізінде әрі ортақ мүліктік жауапкершілік мақсатында қарыз алушының бастапқы жарнаны енгізу үрдісі сақталып қалады. Бүгінгі таңда бұл шек барлық қатысушы үшін 10 пайыз мөлшерде қарастырылған", - деді спикер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!