Қазақстанда 2 миллион теңгеден асатын жалақыны кімдер алады?

Қазақстанда 2 миллион теңгеден асатын жалақыны кімдер алады?
Фото: Тengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

2022 жылғы тамызда Электрон еңбек биржасында 119,9 мың бос жұмыс орны және 93,9 мың түйіндеме орналастырылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сайтта жалақысы 2 миллионнан асатын бос жұмыс орындары пайда болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жалақы өңірлер мен мамандықтар бойынша түрлі болады. Атырау облысында ең жоғары еңбекақы ұсынылды, онда өнеркәсіп альпинистері үшін 824 мың теңге жалақы алатын 20 бос жұмыс орны орналастырылған. Нұр-Сұлтан мен Алматыда, сондай-ақ, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында жұмыс берушілер мемлекеттік органдардағы құрылымдық бөлімшелердің басшыларына 500 мыңнан 730 мың теңгеге дейін жалақы ұсынады.

Еңбек биржасы сайтында жалақысы ең жоғары бос орындар ұсынылды:

  • ғылыми қызметкерлер - 2,7 млн теңге,
  • директорлар - 2,3 млн теңге,
  • авиация инженерлері - 1,6 млн теңге,
  • кеніш директорлары - 1,5 млн теңге,
  • қосымшаларды әзірлеушілер - 1,2 млн теңге,
  • мемлекеттік ұйымдар басшылары - 640 мың теңге,
  • бас технологтар мен қаржы менеджерлері - 500 мың теңге.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек