Қазақстанда 4 884 адам, оның ішінде кәмелетке толмаған 58 адам есірткіге қатысты қылмыс үшін жауапқа тартылған. Сонымен қатар, 15 ұйымдасқан қылмыстық топтың, оның ішінде 3 трансұлттық топтың қызметіне тосқауыл қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бас прокуратурада Берік Асыловтың төрағалығымен өткен Құқықтық тәртіпті, заңдылықты қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Бас прокуратураның деректеріне сәйкес, есепті кезеңде есірткіге қатысты жалпы қылмыстың төмендегені байқалғанымен, ең қауіпті түрлері, атап айтқанда, есірткі сату қылмыстары көбейген.
Есірткіге қарсы күрес жұмыстарының нәтижесінде заңсыз айналымнан:
Бұл ретте, жеткізудің 148 арнасының жолы кесіліп, 24 жасырын зертхана мен құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің 98 дерегі жойылды.
4 884 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 15 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Бұл топтардың жолын кесу үшін ірі халықаралық операцияларды қоса алғанда, кешенді жедел іс-шаралар жүзеге асырылды.
Мемлекеттік және құқық қорғау органдары ауқымды профилактикалық жұмыстарды жалғастырып жатыр. Осы мақсатта 10 мыңға жуық түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіліп, есірткіні жарнамалайтын 60 мыңнан астам граффити жойылды.
Бас прокуратураның "Интернет-желідегі есірткі бизнесін тұрақсыздандыру" алгоритмі бойынша 180 мыңнан астам есірткі шоты бұғатталды. Бұл бағыттағы жұмыстар халықаралық ынтымақтастықтың нығаюына да әкелді.
Бас ведомство 7 шет мемлекеттің құзыретті органдарына байланысты есірткі желілерінің әрекетін тоқтату үшін материалдар жіберілгенін және 12 сыртқы бақыланатын жеткізілім жүргізілгенін атап өтті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!