Абай облысындағы мамандандырылған ХҚКО-ларда 18-өңірдің мемлекеттік тіркеу нөмірлері беріле бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Азаматтарға арналған үкіметтің баспасөз қызметі мемлекеттік нөмірлерді беру 21 қыркүйекте басталғанын хабарлады.
Абай тұрғыны 18-өңірдің алғашқы нөмірін алды.
Бұған дейін ІІМ-де өңірлердің жаңа цифрлық белгілерін енгізу кезінде жаңа облыстардың тұрғындарына бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейтіні хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!