Қазақстанда 18-өңірдің көлік нөмірлері беріле бастады

Қазақстанда 18-өңірдің көлік нөмірлері беріле бастады

Абай облысындағы мамандандырылған ХҚКО-ларда 18-өңірдің мемлекеттік тіркеу нөмірлері беріле бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Азаматтарға арналған үкіметтің баспасөз қызметі мемлекеттік нөмірлерді беру 21 қыркүйекте басталғанын хабарлады.

Абай тұрғыны 18-өңірдің алғашқы нөмірін алды.

Бұған дейін ІІМ-де өңірлердің жаңа цифрлық белгілерін енгізу кезінде жаңа облыстардың тұрғындарына бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейтіні хабарланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова