Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалар паспортты қалай алады?

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты азаматтарға жасына қарамастан олардың қалауы бойынша беріледі. Ендеше, 16 жасқа толмаған балалар паспортты қалай алады? Massaget.kz тілшісі Еgov порталындағы мәліметтерге сүйене отырып, нұсқаулық ұсынады.

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты республика аумағында және одан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландырады. Паспорт 10 жыл мерзімге беріледі.

Паспорт алу үшін тұрғылықты жеріңіз немесе уақытша тұратын жеріңіз бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ жүгіну қажет. 

16 жасқа дейінгі балаларға паспорт алу үшін ата-анасының біреуі (заңды өкілі) келу керек. Құжаттарды рәсімдеу кезінде баланың болуы міндетті.

16 жасқа дейінгі балаларға  24 беттен тұратын Қазақстан Республикасының паспорты беріледі, оның ішінде 12 жасқа дейінгі балаларға - 5 жыл мерзімге, 12 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға - 10 жыл мерзімге.

Баланың азаматтығын растау үшін уәкілетті қызметкер ата-анасының (заңды өкілдерінің) екеуінің де жеке басын куәландыратын құжаттары бойынша құжатталған халықтың дерекқорында, сондай-ақ ХҚТ ТП-да баланың тууы туралы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының аумағында оның туу фактісін растау үшін "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесімен интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы тексеруді жүзеге асырады.

16 жасқа толмаған балаға паспорт алу үшін қандай құжаттар керек?

  • баланың туу туралы куәлігі;
  • ата-анасының біреуінің жеке куәлігі (оның болуы міндетті);
  • көлемі 24 беттен тұратын паспорт үшін (16-ға дейінгі балаларға) 4 АЕК (14 768 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек.

Құжат 15 жұмыс күні ішінде дайын болады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!