Антикор еріктілері мемлекеттік сатып алу кезінде 15,2 млрд теңгенің негізсіз жұмсалуының алдын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасы Қазақстанда қоғамдық бақылауды күшейтудің маңызды және тиімді құралына айналды.
Еріктілер жол құрылысының мониторингіне, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге және бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуын болдырмауға белсенді араласып жүр. Белсенділер саны шамамен 2,5 мың адам.
Олар мемлекеттік сатып алу кезінде 15,2 млрд теңгеден астам бағаны көтеру тәуекелдерінің алдын алды.
Мысалы, Алматы қаласы еріктісінің ұсынымымен Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы жылжымалы электротехникалық зертхананың сатып алу бағасын 45 млн теңгеге төмендетті.
Түркістан облысында еріктілер балалар үйінің тәрбиеленушілерін медициналық ұйымдарға электрондық үкімет порталы арқылы бекітудің тиісті функционалы жоқ екенін анықтады.
Бұл медициналық мекемелерге ақылы негізде жүгіну қажеттілігіне әкелді.
Бұл мәселе салалық министрліктермен бірлесіп, 18 жасқа дейінгі балаларға, оның ішінде қорғаншылық пен қамқоршылықтағы және заңды өкілі бар балалар (әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілетті кәмелетке толмағандар) арасында жойылды.
Сондай-ақ еріктілер автожолдар құрылысын мониторингілеуге белсенді қатысады.
Абай облысында еріктілер облыстық жолды жөндеу кезінде жол белгілері болмағанына және жұмыстың барлық көлемі орындалмағанына назар аударды. Уақытылы әрекет ету нәтижесінде бұзушылықтар жойылды.
Елордада еріктінің ескертулерімен, мердігер жол салу кезінде топырақ сапасының кемшіліктерін жойған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!