Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстанда әйелдерді жұмыспен қамту туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Цифрлық отбасы картасына сәйкес, 2,8 миллион әйел ресми түрде жұмыс істейді, олар үшін міндетті зейнетақы жарналары төленеді, олардың 1 миллионнан астамы ауылды жерлерде тұрады", - деді ол.
Ақпараттық технологиялар саласында 46,5 мыңға жуық әйел жұмыс істейді, оның 39 мыңы - қала тұрғындары. Олар компанияларда мынадай лауазымдарды атқарады:
Сондай-ақ жұмыссыз әйелдер, яғни зейнетақы жарнасы жоқ, оқымайтын, бала күтіміне байланысты демалыста жоқ әйелдер туралы да деректері келтірілді.
"Біз осындай 1 миллион 295 мың әйелді анықтадық. Біз өңірлердегі ахуалды түсінеміз және Цифрлық отбасы картасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қажетті ақпаратты SMS-хабарламамен жіберу арқылы қолдау шараларын ұсына аламыз. Біз қазірдің өзінде бұл тәсілді іске асыра бастадық, 8,2 мың жас қазақстандықты жұмысқа орналастырдық", - деді Еңбек министрі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!