Жақында ел үкіметі "Мереке күндерін бекіту" туралы 689-шы қаулы қабылдап, 10 тамызды Абай күні деп белгілеген болатын. Бұл дата биыл Абайдың 175 жылдығын тойлаумен тікелей байланысты.
Содан мемлекеттік мереке тізіміне Абай күні де қосылғандықтан, енді қазақстандықтардың арасында бұл күні демалыс па деген сұрақ пайда болды. "Қазақстан Республикасының Мерекелері туралы" заңында ұлттық және мемлекеттік мерекелер еңбек заңнамасы сәйкес демалыс күндері деп көрсетілген. Мұндай мерекелерге Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл, Конституция күні, Айт мейрамы, тағы басқа атаулы даталар жатады.
Ал Абай күні жаңа қаулыға сәйкес Шахтерлар күні, Құтқарушылар күні, Отбасы күні сынды мерекелермен теңдестірілді. Ал бұлар демалыс күні деп есептелмейді.
Айта кетейік, Абай Құнанбайұлы юлиан күнтізбесіне сәйкес, 1845 жылы 10 тамызда дүниеге келген. Биыл қазақтың біртуар ақыны әрі ойшылының туғанына 175 жыл болады.