- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда 1 шілдеден...
Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды
Фото:
© elements.envato.com
Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап.
Қаржы министрінің өкімімен 20 дана фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төменгі бөлшек сауда баға мынадай мөлшерде бекітілді:
• 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда 710 теңге;
• 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 770 теңге.
Қазір темекі өнімдерінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы - 650 теңге.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек