"Атамекен" басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева "сары" және "қызыл" аймақтарда карантин жеңілдейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, 24 ақпанда Ведомствоаралық комиссияда "жасыл" және "сары" аймақтағы жағдай талқыланған. Ол 1 наурыздан бастап күшіне енеді. "1 наурыздан бастап "жасыл" аймақта:
1) Спорттық шаралардың көрерменмен өтуіне (адам саны талқыланып жатыр);
2) 50 адамға дейінгі еске алу шараларын өткізуге;
3) Бильярдтардың жұмысына;
4) үй-жайлардағы балалар ойын-сауық клубтарының қызметіне;
5) цирктерді жұмысына рұқсат етілді;
"Сары" аймақ үшін:
Жексенбі күні базарлардың, СОО мен сауда үйлерінің жұмысына шектеулер алынып тасталды.
АШЫҚ қосымшасы бойынша:
1) Боулинг;
2) Компьютерлік клубтар;
3) Фитнес-орталықтар, бассейндер - алдыңғы санаймақ бойынша жұмыс істейді", - деп жазды ол.