• 496.66
  • 490.7
  • 5.54

Қазақстанда 1 223 елді мекенді су басу қаупі бар - Әрінов

Қазақстанда 1 223 елді мекенді су басу қаупі бар - Әрінов

Қазақстанда 1 223 елді мекенді су басу қаупі бар. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі

"Су тасқыны аяқталған соң өңірлер алдын алу шаралары мен инженерлік жұмыстарды бастады. Жалпы өңірлерде 1 400 су тасқынына қарсы іс-шаралар іске асырылды", -  деді ол.

Айта кетейік, Парламент Сенатында су тасқынына дайындық мәселелері талқыланды.

Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов су тасқыны мәселесі елімізге биыл да аса маңызды болып қала беретінін атап өтті. Оның айтуынша, көктемгі су тасқыны жыл сайын халық пен инфрақұрылым үшін зор сынақ болып отыр. Ал 2024 жылғы жағдай табиғи апаттың қаншалықты жойқын болуы мүмкін екенін көрсетті.

"Өткен жыл біз үшін ауыр сынақ болды. Су тасқынынан мыңдаған отбасылар зардап шекті, үйлер құлады, жол мен көпір бүлінді, әлеуметтік және коммерциялық нысандар қирады. Президенттің араласуымен жедел шешім қабылданып, барлық мекемелердің үйлесімді жұмысының арқасында шығындарды азайтуға, зардап шеккендерге көмек көрсетуге, инфрақұрылымды қалпына келтіруге мүмкіндік туды. Алайда егер алдын алу шаралары уақытылы және тиісті деңгейде жүргізілсе, көптеген шығындардың алдын алуға болар еді. Басты міндет - тек су тасқынының салдарымен күресу емес, оны жүйелі түрде болдырмау", - деді Палата Төрағасының орынбасары.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лес