- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстан зообақтарында жануарлар...
Қазақстан зообақтарында жануарлар саны бір жылда 29 пайызға қысқарды
Қазақстанда хайуанаттар бағындағы жануарлар, құстар мен балықтардың саны бір жылда 29 пайызға қысқарды, - деп хабарлайды Energyprom.kz.
2022 жылы Қазақстанда 13 хайуанаттар бағы жұмыс істеді. Оның алтауы - қауіпсіз хайуанаттар бағы. Хайуанаттар бағы Қазақстанның 8 өңірінде ғана бар. 8 хайуанаттар бағы шағын бизнеске, үшеуі орта бизнеске, екеуі ірі бизнеске тиесілі.
Елде хайуанаттар бағы азайып келеді. 2018 жылы олардың саны 20 болса, 2019 жылы 18, 2020 жылы 16 болды. Ал қарапайым хайуанаттар бағының саны 2016 жылы бесеу болса, 2018 жылы 7-ге дейін өскен. Содан бері өзгермеген.
Хайуанаттар бағында ұсталатын жануарлар саны 2022 жылға қарай жылына 29 пайызға, яғни 12 мыңға дейін қысқарды. Олардың басым бөлігі оңтүстік астанаға тиесілі, яғни 3,8 мың.
Екінші орында Астана тұр. Деректерге Ақмола облысы да енген. Елорда мен облыстың хайуанаттар бағында 3,2 мың жануар, құс пен балық бар. 2021 жылға қарағанда 6,7 пайызға аз.
Саны бойынша үштікті Шымкент аяқтайды. Шымкенттің хайуанаттар бағында 2,6 мың жануар бар, 2021 жылға қарағанда 0,7 пайызға көп.
Хайуанаттар бағында ең көбі балық болды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша оның саны 7,1 мың болған. Сондай-ақ, хайуанаттар бағында 1,9 мың сүтқоректі мен құс, 744 омыртқасыз, 341 бауырымен жорғалаушы және 54 қосмекенді болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова