- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстан волонтерлері алғаш...
Қазақстан волонтерлері алғаш рет БҰҰ құрамына енді
Қазақстандағы волонтерлік қызмет пен ұйымдардың қозғалысы қарқынды дамып жатыр. Бұған ерікті азаматтар қатарының көбеюі мен халықаралық деңгейге көтерілуі дәлел. Бұл жайлы ҚР Парламент мәжілісі депутаты Вера Ким айтты.
Оның айтуынша, қазақстандық еріктілер COVID-19 пандемиясымен күресуге орасан зор үлес қосты. Қиын жағдайда қалған 1,5 млн азаматқа көмек көрсетті.
Әсіресе, еліміздің халықаралық волонтерлік бағытында байқалады. Биыл алғаш рет Қазақстанның 7 еріктісі БҰҰ құрылымына мүше болып, қызметіне кірісті. Тағы айта кетерлігі, қазіргі уақытта қазақстандық волонтерлер әлемнің 4 мемлекетінде жұмыс істеп жатыр. Олар – Иордания, Тайланд, Түркия мен Кения, – дейді депутат Ким.
Волонтерлік қызметті жүйелі түрде дамытудың арқасында еріктілердің республикалық фронт-кеңсесі ашылып, ерікті азаматтар мен ұйымдардың бірыңғай координация орталығына айналды. Бұған 17 аймақтық кеңсеге бағынады.
"Сондай-ақ, QV.kz атты волонтерлердің бірыңғай онлайн платформасы іске қосылып, жұмысы жанданды. Қазір бұған 47 мың ерікті азамат пен 3 мыңға жуық еріктілер ұйымы тіркелген. Волонтерлерге мұқтаж ұйым тізімін де осы платформадан табасыз", – дейді депутат.
Айта кеткен жөн, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанынан құрылған жұмыс тобы қазір еріктілер қызметі заңнама аясында реттеу бойынша заң жобасын дайындап жатыр. Мәжіліске заң күзде жетпек.
Қ. Слямбек