- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстан Үндістанға 70...
Қазақстан Үндістанға 70 тоннаға жуық күрішті қайтарды
Қазақстан сертификаттардың сәйкес келмеуіне байланысты Үндістанға 70 тоннаға жуық күрішті қайтарды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маңғыстау облысында «Болашақ» ФББ инспекторлары импортталатын карантинге жатқызылған өнімде фитосанитарлық талаптардың бұзылғанын анықтады. Үндістаннан Таразға баратын 66,9 тонна күріш берілген фитосанитарлық сертификатқа сәйкес келмеді.
Жамбыл облысындағы "Қарасу" ФББ инспекторлары фитосанитарлық сертификаттың болмауына байланысты Қырғызстанға 22 тонна жаңғақ қайтарып берді. Осындай жағдай Қостанай облысындағы "Қайрақ" ФББ-де болып, Ресейге 22,9 тонна картоп қайтарылды. Батыс Қазақстан облысындағы "Сырым" ФББ-де қажетті құжаттары жоқ бір тонна алма табылды.
Астана қаласы АИ инспекторлары "Астана халықаралық әуежайы" ФББ-де Ресей Федерациясынан авиарейспен фитосанитарлық сертификатсыз келген көшеттерді анықтады, бұл жүк импорттаушы елге қайтарылды.
Ресей Федерациясынан келіп түскен ағаш материалдарына (75,5 м3) қайталама бақылау жүргізу кезінде Көкшетау ҚАИ және Абай ААИ (Қарағанды облысы) инспекторлары қарақарағайдың тірі дер нәсiлдерi тапты. Өнім иелеріне қатысты барлық фактілер бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды.
Бұдан басқа, Орал қаласы АИ инспекторлары міндетті қайталама бақылауға мақсары (импорттаушы ел-Ресей) ұсынбаған үшін өнім иесіне әкімшілік бұзушылықтар туралы хаттамалар жасады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина