Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті

Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті
Фото: Primeminister.kz

Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаулыға қол қойды. 

"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы:

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.", - делінген қаулыда. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина