Қазақстан Үкіметі мерекелік күндер тізбесін бекітті

Қазақстан Үкіметі мерекелік күндер тізбесін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Әділет министрлігі жанындағы Нормативтік-құқықтық актілері ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтына сілтеме жасап. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев ағымдағы жылдың 31 қазаны күні «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» №689 ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды.

Осы құжатқа сәйкес 46 мерекелік датадан тұратын тізбе бекітілді.

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы күні - 10 қаңтар;

2. Алғыс айту күні - 1 наурыз;

3. Жерге орналастыру, геодезия және картография күні - наурыздың екінші сенбісі;

4. Геолог күні - сәуірдің бірінші жексенбісі;

5. Ғылым қызметкерлері күні - 12 сәуір;

6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күні - 21 сәуір;

7. Мәдениет және өнер қызметкерлері күні - 21 мамыр;

8. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні - 31 мамыр;

9. Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні - мамырдың соңғы жексенбісі;

10. Қазақстан Республикасы рәміздері күні - 4 маусым;

11. Эколог күні - 5 маусым;

12. Полиция күні - 23 маусым;

13. Мемлекеттік қызметші күні - 23 маусым;

14. Жеңіл өнеркәсіб қызметкерлері күні - маусымның екінші жексенбісі;

15. Медицина қызметкері күні - маусымның үшінші жексенбісі;

16. Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні - 28 маусым;

17. Дипломатиялық қызмет күні - 2 шілде;

18. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері күні - 13 шілде;

19. Балық шаруашылығы қызметкерлері күні - шілденің екінші жексенбісі;

20. Металлург күні - шілденің үшінші жексенбісі;

21. Сауда қызметкерлері күні - шілденің төртінші жексенбісі;

22. Көлік қызметкерлері күні - тамыздың бірінші жексенбісі;

23. Құрылысшы күні - тамыздың екінші жексенбісі;

24. Шекарашы күні - 18 тамыз;

25. Спорт күні - тамыздың үшінші жексенбісі;

26. Шахтер күні - тамыздың соңғы жексенбісі;

27. Білім күні - 1 қыркүйек;

28. Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні - қыркүйектің бірінші жексенбісі;

29. Отбасы күні - қыркүйектің екінші жексенбісі;

30. Қазақстан халқы тілдерінің күні - қыркүйектің үшінші жексенбісі;

31. Атом саласы қызметкерлерінің күні - 28 қыркүйек;

32. Әділет органдары қызметкерлерінің күні - 30 қыркүйек;

33. Машина құрастырушылар күні - қыркүйектің соңғы жексенбісі;

34. Еңбек күні - қыркүйектің соңғы жексенбісі;

35. Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні - 6 қазан;

36. Ұстаздар күні - қазанның бірінші жексенбісі;

37. Құтқарушы күні  - 19 қазан;

38. Орман шаруашылығы қызметкері күні - қазанның үшінші жексенбісі;

39. Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні - қазанның соңғы жексенбісі;

40. Күзет ұйымдары қызметкерлері күні - 29 қазан;

41. Сыртқы барлау күні - 5 қараша;

42. Статистика күні - 8 қараша;

43. Ұлттық валюта күні, Қазақстан Республикасы қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі - 15 қараша;

44. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні - қарашаның үшінші жексенбісі;

45. Прокуратура күні - 6 желтоқсан;

46. Энергетик күні - желтоқсанның үшінші жексенбісі.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дереккөз: inform.kz