Қазақстан Түркияға ет жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шенеуніктің айтуынша, былтыр Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен 285 миллион доллар болған.
"Экспорттың негізгі тауарлары - дәнді және бұршақты дақылдар. Ал Түркиядан әкелінетін негізгі импорт - көкөністер, жемістер, жаңғақтар және басқа да дақылдар", - деді Кенжеханұлы Сенат дәлізінде.
Оның айтуынша, Қазақстан Түркияға ет экспорттауды жоспарлап отыр.
"Қазір ет пен ет өнімдерін экспорттау бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Түркияның ветеринарлық қызметімен тиісті жұмыстар атқарып жатырмыз. Сондай-ақ, Түркияға ет және ет өнімдерін экспорттауға ниетті кәсіпорындарды келісу процесі жүргізіліп жатыр", - деп түсіндірді вице-министр.
Еске салайық, бұған дейін ет бағасы туралы хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова