Қазақстан туризмге қолайлы 85 елдің ішінде 84-орында

Қазақстан туризмге қолайлы 85 елдің ішінде 84-орында

2022 жылы қаңтар-қыркүйек аралығында 3,4 миллион адам Қазақстанға туристік мақсатта келген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3,6 есе көп, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, Қазақстанға туристер екі факторға байланысты келеді. Біріншісі - коронавирус пандемиясына байланысты ережелердің жеңілдеуімен байланысты. Екіншіден, туристердің көбеюі Ресейдегі мобилизациямен байланысты.   

Дегенмен елден жыраққа туристік мақсатта кететіндер саны басым. Мысалы 2022 жылдың тоғыз айында 5,6 миллион қазақстандық өзге елдерге демалуға кеткен. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2,2 есе көп.  

Ішкі туризмде, яғни Қазақстандағы туризм саласында оң өзгерістер байқалған: +25,1 пайыз, бұл бір жылда - 4,9 миллион адам ішкі туризмге үлес қосты деген сөз. 

Бірақ U.S. News деректері бойынша, туризм үшін қолайлы елдердің рейтингінде Қазақстан 85 елдің ішінде 84-орынға жайғасқан. Қазақстанның алдында Иран, Украина, Өзбекстан, Әзербайжан, Беларусь, Ресей, Замбия, Ливан және Мьянма да бар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина