Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресейге сапары барысында өзекті мәселені көтергенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысынан шыққан спикерге "2024 жылғы 3-4 наурыз аралығында Ресейге ресми сапармен бардыңыз. Онда РФ Мемлекеттік думаның төрағасы Вячеслав Володинге ресейлік депутаттардың Қазақстан туралы жағымсыз пікірлерін, еліміздің территориялық тұтастығына қатысты айтылған мәселелерді көтердіңіз бе?" деген сұрақ қойылды.
Ерлан Қошанов сәл ойланып, бұл мәселені көтергенін жеткізді.
"Бұл туралы біз сөйлестік. Бірлесіп, мұның жолын кесеміз. Бұл мәселе туралы Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен сөйлестік. Ол уәде бермеді. Біз бірлесіп, осы мәселемен жұмыс істейміз деп келістік", - деді спикер.
Аяз Есен
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз