- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қар тазалау
Қазақстан трассаларындағы қарды тазалауға қанша қаржы бөлінді?
Қалың қар жауғалы кей жолдар жабылып, жүру мүмкін болмай қалды. Мұндай кезде қаладан қалаға жол жүру тіпті қауіпті. Жауған қар келесі күні еріп, мұзға айналуы мүмкін. Республикалық маңызы бар жолдарды кім тазартады? Әр өңірге қанша бөлінген? Massaget.kz тілшісі бұл сұрақтардың жауабын алу үшін "ҚазАвтоЖолға" сауал жолдады.
Жолды күтіп-ұстауға кім жауапты?
Компания мәліметінше, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстау жұмыстарымен "КАЖсервис" ЖШС айналысады. Республкалық маңызы бар жол ұзындығы - 21,5 мың шақырым.
Биыл қыста автожолдарды күтіп-ұстауға 22 140 900 теңге қаражат қарастырылған.
Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев
Әр өңірге қанша қаржы бөлінген?
Компания әр облысқа жолды қардан тазалауға, оған қажет техника алуға қанша бөлінгенін айтты.
- Абай облысы 1 217 800 теңге;
- Ақмола облысы 4 921 600 теңге;
- Ақтөбе облысы 1 381 900 теңге;
- Алматы облысы 1 634 600 теңге;
- Атырау облысы 298 900 теңге;
- Шығыс Қазақстан облысы 982 900 теңге;
- Жамбыл облысы 1 008 200 теңге;
- Жетісу облысы 813 500 теңге;
- Батыс Қазақстан облысы 748 700 теңге;
- Қарағанды облысы 1 674 400 теңге;
- Қостанай облысы 1 338 900 теңге;
- Қызылорда облысы 992 300 теңге;
- Маңғыстау облысы 331 400 теңге;
- Павлодар облысы 2 188 200 теңге;
- Солтүстік Қазақстан облысы 1 559 500 теңге;
- Түркістан облысы 457 100 теңге;
- Ұлытау облысы 590 900 теңге.
Компанияның мәліметінше, бұл қаражат толығымен күтіп-ұстау жұмыстарына жұмсалады, оның ішінде:
- қызметкерлердің еңбек ақысы,
- тайғаққа қарсы материал дайындау,
- арнайы техникаға қажет қосалқы бөлшектер мен тез тозатын бөліктер,
- жанар-жағармай,
- қыста күтіп-ұстауға арналған арнайы техника сатып алу,
- қызметкерлерге арнайы киім алу және т.б.
"Арнайы техника - аралас жол машиналары, автогрейдер, фронтал тиегіш, шнекороторлы қар тазалағыш, тракторлар (МТЗ, К-700) және бульдозер", - делінген жауапта.
Компания тазартылған қар қайда шығарылатынын айтты.
"Жол бойындағы қар жол жиегіне қарай ығыстырылып, автомобиль жолдарына бөлінген белдеуінде резервке тасталады", - делінген жауапта.
Айта кетейік, "ҚАЖсервис" ЖШС тек республикалық автомобиль жолдарын күтіп-ұстайды. Ал әр қалада көшедегі қарды жеке мердігерлер тазалайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек