Қазақстан ТМД елдері ішінде доллардың өсуі бойынша рейтингте үшінші орын алды.
Бірінші орынды Тәжікстан, ал екінші орынды Беларусь алып отыр. "2016 жылдың қаңтар айы бойынша мәліметте белорустың ұлттық валютасының бағамы АҚШ долларының қатынасына айтарлықтай өскен (12,4%). Беларусь елінен Тәжікстан озып отыр. Бұл елде америкалық доллар 12,9 пайызға өскен. Үшінші орынды Қазақстан алып отыр, еліміздің қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетел валютасының 7,46 пайызға өсуі тіркелген", − делінген таралған хабарламада.
Алайда тұтыну бағасы бойынша Қазақстан 13,6 пайызбен екінші орынды алып отыр. Бұл орынды еліміз Молдовамен қатар алды. Қазақстаннан Украина (43,3 пайыз) озды, ал үштікті Ресей (12,9) қорытындылап тұр.
Дереккөз: tengrinews